Алғы сөз

Қадірлі достар!

«Даму-Көмек» Бағдарламасының сайтына қош келдіңіздер!

Бұл Бағдарлама өзінің қарым-қабілетін өмірде ғана емес, бизнесте де жүзеге асыруға талпынып отырған, жігері жасымаған, рухы мықты жандар - мүгедек-кәсіпкерлерді қолдау мақсатымен әзірленген.

Осы тәріздес жобаларды іске асыру тәжірбиесі көрсеткендей, қашан да, көмек бергісі келетін жандардың саны оны алғысы келетіндерден әлдеқайда көп. Ал кәсіпкерлер уақыттың тарлығы, қалай және немен көмектесу керектігін білмеу тәрізді объективті себептермен – өздерінің ізгі ниеттерін жүзеге асыра алмай жатады. Біз мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер мен әлеуетті демеушілер арасын жалғайтын негізгі буын болуға дайынбыз. Көмекті әркім де көрсете алады және оның қаржылай көмек болуы да шарт емес. Әлдекім артық-ауыс жиһазымен бөліссе, енді біреу кеңсе техникасы түріндегі көмегін ұсынуына болады, тіпті, білгенімен бөлісіп, «іс тетігін үйретемін» - деушілер де табылуы ғажап емес. Сіз ешкімге салмақ салмай, тұрақты табыс тауып, қоғамдық өмірімізге жан-жақты және тең дәрежеде араласуды қалайтын жандарға нақты, атаулы көмек көрсете аласыз.

Қандай мәселені болсын мүдделі барлық тараптардың өзара тығыз іс-қимылы арқылы сәтті шешуге болады. Демек, алдыға қойған мақсатқа әрбіріміз саналы түрде үлес қосқанда ғана қол жеткіземіз деген сөз.

Құрметпен, Ләззат Ибрагимова

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма Төрайымы

Жаңалықтар

14 Ақпан 2012

Ақмолалық кәсіпкерлерді «Даму-Көмек» бағдарламасына қатысуға шақырамыз

Ақмола облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ аймақтық филиалы «Даму-Көмек» бағдарламасы бойынша қабілеті шектеулі азаматтарға демеуші іздестіріп, белсенді жұмыс атқарады. 
10 Ақпан 2012

«БЖК-2020» бағдарламасына қатысушы мүмкiндiгi шектеулi кәсiпкерге көмектесті

Бүгінгі таңда «Даму» Қоры тарапынан жүзеге асып жатқан бағдарламалардың бірегейі, әрі мүгедек-кәсіпкерлерді қолдау мақсатындағы ерекше жобасы «Даму-Көмек» бағдарламасы жүзеге асырылуда. 
3 Ақпан 2012

Мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге көмек

Павлодар қаласында өз кәсіптерін жаңадан бастаған Лебяжье ауданының тұрғыны III – топтағы мүгедек Сапах Жазкейге және Ертіс ауданының тұрғыны III – топтағы мүгедек, он баланың анасы Бағдаусар Майраға өз жоспарларын жүзеге асыру үшін «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында тігін мәшинелері тапсырылды.
 

Біздің байланыс

Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
Гоголь көшесі, 111
Тел.: +7 (727) 244 55 66, 244 55 77
Факс: +7 (727) 278 07 76
Э-пошта: komek@fund.kz