«Даму» қоры шағын және орта бизнеске көмек көрсету қарқынын төмендетпейді - Д. Әбілқайыров

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Даму» қоры шағын және орта бизнеске көмек көрсету қарқынын төмендетпейді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте аталған қор басқармасы төрағасының орынбасары Дәулет Әбілқайыров мәлім етті.

«Теңге бағамын түзету кәсіпкерлік ахуалға еш әсер етпейді және болашақта кәсіпкерлер жұмысының жандануы күтілуде. «Даму» қоры шағын және орта бизнеске қолдау көрсету қарқынын қысқартуды немесе төмендетуді болжап отырған жоқ. Керісінше, біз өзіміздің көмек көлемімізді арттыратындығымызға сенімдіміз», - деді ол.

Оның атап өтуінше, пайыздық ставкаларды субсидиялауға арналған кәсіпкерлерді қолдаудың бірыңғай бағдарламасы аясындағы бюджет 27 млрд. теңгені құрайды. Сонымен қатар, бүгін не болмаса ертең бұл көлемді қысқарту қарастырылып отырған жоқ.

«Бизнестің жол картасы бірыңғай бағдарламасы жұмыс істеуде және бүгінгі күні субсидиялау бойынша 5 536 заемші бір трлн. теңге көлемінде несие алды. Кепілдендіруге қатысты айтар болсам, 1173 заемші 53,6 млрд. теңге сомасына несие алды», - деді Д.Әбілқайыров.

http://inform.kz/kaz/article/2810518

 

Біздің байланыс

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., A05C9Y3
Гоголь көшесі, 111
Тел.: +7 (727) 244 55 66, 244 55 77
Факс: +7 (727) 278 07 76
Э-пошта: komek@fund.kz