Кәсіпкерлерге кеңінен қолдау көрсетіледі/Лаура Тілеубайқызы/

Елімізде шағын және орта бизнесті қолдаудың түрлері көп. Әкімшілік кедергілердің төмендігі, инновациялық гранттар, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын айтпағанда, бизнесті дамытуға қол ұшын беретін «Ертіс» ӘКҚ «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры сияқты құрылымдар бар. «Алтай» технопаркінде «Кәсіпкерлік субъектілері мен индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау» тақырыбында өткен басқосуда шағын және орта бизнесті дамытуға арналған шаралар кеңінен талқыланды.

Аймақтық «Алтай» технопаркі индустриялық-инновациялық жобаларды қаржыландыруға арналған инновациялық гранттың тоғыз түріне қол жеткізуге ықпалдастық етеді. Технопарк жанындағы аймақтық коммерцияландыру орталығының менеджері Жанна Қасенованың айтуынша, шағын және орта бизнесті дамыту - мемлекет алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Елімізде кәсіпкерлікті, соның ішінде индустриялық-инновациялық дамуға орасан зор көңіл бөлініп, қолдау көрсетілуде. Сондай қолдаудың бірі - инновациялық грант.

- Инновациялық грант бөлумен техникалық даму жөніндегі агенттік айналысады.Бұған дейін грант тоғыз бағыт бойынша берілсе,Инвестиция және даму министрінің үстіміздегі жылдың 27-ақпанындағы бұйрығы бойынша1 б бағыт болып өзгертілді,- дейді Жанна Қасенова.

Енді инновациялық грантқа фармацевтика, медициналық өнеркәсіп, биотехнология, биоинженерия, жеңіл өнеркәсіп, жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі, қаптау өнеркәсібі, ақпараттық коммуникация, робото-техника, нанотехнология саласында жасалған жоба арқылы қол жеткізуге болады.

- Елімізде аталған салалардың дамуы кенжелеп отыр. Біз ішкі нарықты толықтай отандық тауарлармен қамтамасыз етуіміз үшін бұл бағыттардың маңызы зор. Мұндағы басты мақсат - импортты азайту, - дейді аймақтық коммерцияландыру менеджері.

Инвестиция тарту мен кәсіпкерлікті дамыту жалпыұлттық деңгейдегі мәселе. Мемлекет өзінің даму институттары арқылы бизнеске жан-жақты қолдау көрсетіп отыр. Дамушы елдердің тәжірибесі жеке сектор мен мемлекеттің бірігуі экономиканың тиімді дамуына әкеліп отырғандығын көрсетеді. Бүгінде «Ертіс» ӘКК мұндай әріптестіктің негізгі құралы ретінде танылуда.

- «Ертіс» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы облысымыздың аймақтық даму институты, оның басты мақсаты - мемлекет пен бизнес арасындағы әріптестік орнату. Бүгінде корпорация аясында әлеуметтік тұрақтандыру қоры, «Бизнестің жол картасы-2020», ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерді қаржыландыру, моноқалаларды дамыту бағдарламалары жүзеге асып жатыр. Осы бағдарламалардың көмегімен көптеген бизнес субъектілері қаржылай көмекке ие болды. Мұндай қолдауларды кәсіппен айналысамын деушілер тиімді пайдалану керек, - дейді «Ертіс» ӘКК ұлттық компаниясы АҚ менеждері Болат Сүлейменов.

«Ертіс» ӘКК ұлттық компаниясы АҚ менеждері Болат Сүлейменов ұлттық компания қызметінің бағыттарына тоқталып, инвестициялық жобалармен жұмыс істеу жолдарымен таныстырды.

Кездесу барысында «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасының мақсаттары мен бағыттары, сервистік көмек көрсетудің тиімділігі төңірегінде әңгіме өрбіді. Сондай-ақ, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ профессоры Николай Малышев бизнес-тренинг өткізді.

Дидар (Усть-Каменогорск),№ 91 (17180), 13.08.2015,т

 

Біздің байланыс

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., A05C9Y3
Гоголь көшесі, 111
Тел.: +7 (727) 244 55 66, 244 55 77
Факс: +7 (727) 278 07 76
Э-пошта: komek@fund.kz