Бизнеске көмек көрсету артады /Халима Бұқарқызы/

Орталық коммуникациялар қызметіне келіп, баспасөз мәслихатын өткізген «Даму» қоры басшылығы теңге төңірегіндегі соңғы өзгерістерге қарамастан, шағын және орта бизнеске көмек көрсету жалғаса беретінін және көмек қарқыны төмендемейтінін мәлімдеді.

«Даму» қоры басқармасы төрағасының орынбасары Дәулет Әбілқайыровтың айтуынша, қор керісінше, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету қарқынын арттыруы әбден мүмкін. Өйткені пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға арналған кәсіпкерлерді қолдаудың бірыңғай бағдарламасының бюджеті 27 млрд теңгені құрайды және бұл сома сол күйі қала береді.

– Бизнестің жол картасы бірыңғай бағдарламасы жұмыс істеп жатыр. Бүгіндері аталған бағдарлама шеңберінде субсидиялау бойынша 5 536 заемшы 1 трлн теңге көлемін­де несие алды. Кепілдендіруге қатысты айтарым, 1173 заемші 53,6 млрд теңге сомасына несие алды, – деді Дәулет Әбілқайыров.

Айта кетейік, қор Азия даму банкінен заем тартып жатыр, ендігі үшінші траншты – 228 млн долларды жыл соңына дейін тарту жоспар­ланып отыр. Қор алдағы уақытта 1300-ден астам заемшыны қаржыландыруды жоспарлап отыр екен. Себебі бұл жоспардың жүзеге асуы жаңадан 3000 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Қор өкілі шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру көп жағдайда теңгемен жүзеге асырылатындықтан да, теңгенің еркін бағамы заемшыларымызға ешқандай әсер етпеді деп отыр.

Дәулет Әбілқайыров Қордың кәсіпкерлерді қолдау мақсатында берілген қаржының игерілу барысы туралы айтып берді. Мәселен, Қор Ұлттық қор қаржысы есебінен қайта өңдеу саласының 940 заемшысын 6 пайыздық үстемақымен қаржыландырылған болатын. Осы мақ­сатта былтыр Елбасы қайта өңдеу саласындағы кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, 200 млрд теңгені үш траншпен бөліп берген. 1 транш бойынша (100 млрд теңге) ШОК-тың 514 субъектісіне қолдау көрсетіліп, бұл қаржы толығымен игерілді. 2 транш бойынша (50 млрд тең­ге) ШОК-тың 254 субъектісіне қолдау көрсетілді. Яғни қаржының шамамен 90 пайызы беріліп, оның 97,2 пайызы игерілді. Оның айтуынша, БЖК бағдарламасына қатысып отырған 13 банктің бесеуі қаржыны толығымен игеріп үлгерген.

Ал үшінші 3 транш бойынша (50 млрд теңге) шағын және орта кәсіпкерліктің 172 субъектісіне қолдау көрсетілген. Бұл қаржының игерілу көлемі 44,5 пайызды құрайды. Ал мақұлданған жобаларды ескерсек, бөлінген қаржының 75,4 пайызы игерілген болып шығады. Ал бұдан басқа, екінші деңгейлі банктер қарауында жалпы сомасы 25,5 млрд теңге болатын 98 жоба бар екен. Осы жобалардың ішінен ірік­телген жобаларға үшінші транш бойынша қаржылық қолдау көрсетіледі.

Қор басшылары соңғы уақытта екінші деңгейлі банктерден алған несиесін субсидиялауға өтініш беруші кәсіпкерлердің өсіп отырғанын айтады. Сол себепті де болашақта да бизнеске берілетінін көмек көлемі қысқаруы мүмкін емес.

Айкын (Алматы), № 157 (2789), 25.08.2015,т

 

Біздің байланыс

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., A05C9Y3
Гоголь көшесі, 111
Тел.: +7 (727) 244 55 66, 244 55 77
Факс: +7 (727) 278 07 76
Э-пошта: komek@fund.kz