Банктерден несие алатын әрбір төртінші кәсіпкер мемлекет қолдауына ие болып отыр - Ғ. Лесбеков

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда екінші дәрежелі банктерден несие алатын әрбір төртінші кәсіпкер мемлекет қолдауына ие болып отыр. Бұл туралы бүгін Алматыда Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру шеңберінде «Халықаралық қатынастар жүйесіне интеграцияны күшейту және бизнесті дамыту» тақырыбы бойынша өткен семинар-кеңесте «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарушы директоры - Басқарма мүшесі Ғабит Лесбеков мәлім етті.

«Қазақстанда кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан басқа ТМД елдеріне қарағанда өте жоғары деңгейде қолдау көрсетіледі. Қазір елімізде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы жаңартылған түрде жүзеге асырылып жатыр. Соның негізінде әсіресе экспортқа өнім шығаратын кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдігі бойынша мемлекет тарапына көрсетілетін көмекті айтуға болады. Қазіргі таңда елімізде 285 компания осы бағыт бойынша көмекке ие болды. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге көрсетілетін мемлекеттік кепілдендіру көмегі бар. Ол алынатын несиенің 50 пайыздан 85 пайызға дейінгі бөлігін қамтиды. Қазір еліміз бойынша 1000-нан аса кәсіпкер кепілдендіру бағдарламасы бойынша қолдауға ие болды. Жалпы несиелік қоржын - 1 трлн. 200 мың теңгеден асты. Қазақстанда екінші дәрежелі банктерден несие алатын әрбір төртінші кәсіпкер осылайша мемлекет қолдауына ие болып отыр», - деді Ғ. Лесбеков.

Айта кетелік, экспортқа тауар шығаратын компанияларға тиісті талаптар қойылады. Яғни, олар өнімдерінің 10 пайыздан кем емес бөлігін экспортқа шығаруға тиіс. Сонда олардың, мөлшерлемесі 12 пайыз болатын валюталық несиелерінің 5 пайызы мемлекет тарапынан көмекқаржы ретінде өтеледі.

www.inform.kz (Казахстан), 28.08.2015

 

Біздің байланыс

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., A05C9Y3
Гоголь көшесі, 111
Тел.: +7 (727) 244 55 66, 244 55 77
Факс: +7 (727) 278 07 76
Э-пошта: komek@fund.kz