Жас кәсіп иелеріне қолдау /Айнагүл Серікқызы/

Өткен жұма күні «Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттігі» (НАТР) АҚ мен Орал қаласы әкімдігінің қолдауымен «Болашақ» қауымдастығы «Қазақстанның жаңа инновациялық экономикасының көшбасшылары - кәсіпкерлер» атты өңірлік семинар-тренинг өткізді.

Жас кәсіпкерлер, жастар ұйымдарының көшбасшылары, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары, жас ғалымдар мен инноваторлар, өндірістік кәсіпорындардың қызметкерлері қатысқан жиында «Болашақ» қауымдастығының мүшесі, Орал қаласының әкімі Алтай Көлгінов сөз сөйледі.

Алтай Сейдірұлы ел Президенті жариялаған бес институционалдық реформа шеңберінде ұйымдастырылған семинар-тренингте экономиканы әртараптандыру негізге алынған үшінші 5ағыттың аясындағы индустрияландыру мен экономикалық өсім — яғни, шағын және орта кәсіпкерлікті қамту тетіктері талқыланатынын айтып өтті. - Бүгінгі өте маңызды іс-шара Конституциямыздың 20 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Земинар-тренинг жоғары деңгейде өту үшін арнайы мамандар шақырылды. Жас кәсіпкерлер, жас ғалымдар, өндіріс саласындағы мамандар инновациялық жобаларға инвестицияны тарту жолдары, қазіргі заманғы сындарға қалай жауап беруге болады, бәсекелестікке төтеп беру үшін қандай мүмкіндіктер бар, осы мәселелерді ортаға салмақ. Сондай-ақ журналистермен, мектеп басшыларымен, жас мамандармен, бизнесте жүрген азаматтармен кездесулер өткізілмек. Негізгі мақсат - бизнесті жоспарлауға, бизнестің жаңа модельдерін меңгертуге, басқаруға үйрету. Шақырылған мамандар өте тәжірибелі, үздік мемлекеттерде тәжірибе жинақтаған. Олар жаңа дамып келе жатқан мемлекеттер бизнесінде кезігетін қиындықтар жайлы айтатын болады, - де¬ген Алтай Сейдірұлы «Болашақ» қауымдастығының атқарушы директоры Ермек Мақашқа, өзге де бизнес-жаттықтырушыларға алғысын білдірді.

Жиында спикер ретінде «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің мүшесі Жұматай Сәлімов, халықаралық деңгейдегі бизнес- жаттықтырушы, «Happy Farm» бизнес-акселераторының негізін қалаушы және бас директоры Анна Дегтерева, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ БҚО бойынша өңірлік филиалының директоры Ербол Иденовтер сөз сөйледі. Жұматай Сәлімов Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік қызметінің басты бағыттарына тоқталып, гранттар алуға өтінім берудің жеңілдетілген жүйесі туралы сөз қозғады. - Сіздің бизнес-идеяңыз бар, алайда сіз оны қалай жүзеге асыру жолдарын білмейсіз. Істі неден бастау керектігін тағы білмейсіз. Сол себепті біздің мақсатымыз - сапалы жобалардың қатарын арттыруға, бізге жүгінген жас жеткіншектердің бизнес идеяларына қолдау көрсету, - деп атап өтті ол.

Сондай-ақ халықаралық деңгейдегі бизнес-жаттықтырушы, BUSINESS SYSTEMS компаниясының директоры, әмбебап корпоративтік тренинг мектептерінің авторы Олег Афанасьевтің жүргізуімен «Иде одан бизнес-үлгіге: стартаптың «аман қалу» жолы» атты модуль өтті. Ол инновациялық бизнес құрылымының дамуы, CANVAS моделі, оның қызметінің басым түрлері жайлы түсіндірді. Елімізде жаңа стартаптар жасау арқылы жас кәсіпкерлер өз командаларын құра алатынын айтты. — CANVAS бизнес моделі - кәсіпкерлердің басқару стратегиясының бір құралы. Аталмыш модель тоғыз блоктан турады. Әр блок-ұйымдастыру бөліктері, атап айтқанда, маңызды серіктестер, тиімді ұсыныстар, тапсырыс берушімен қарым-қатынас, пайдалану сегменттері, маңызды ресурстар, шығынның құрылымы мен кіріс көздерін сипаттайды, — деді О. Афанасьев.

Шара соңында қатысушылар семинар ұйымдастырушыларына сауалдарын жолдап, алған әсерлерімен бөлісті. Трениг тыңдаушыларына сертификаттар табыс етілді.

Жайык унi-Жизнь города(Уральск), № 35 (1281), 03.09.2015,т

 

Біздің байланыс

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., A05C9Y3
Гоголь көшесі, 111
Тел.: +7 (727) 244 55 66, 244 55 77
Факс: +7 (727) 278 07 76
Э-пошта: komek@fund.kz