Тек қана алға!

24 Қараша 2017, 07:54

Арқалықта 2017 жылдың қазан айында Қуандық Байдилдинге «Даму-Көмек» бағдарламасы бойынша демеушілік көмек көрсетіліп, түбіртек және өтінімдер шығаратын принтер сатып алынды. 
Байдилдин Қуандық Мағзұмұлы спорт саласында жұмыс істеп, сонымен бірге Тоғай өңірінің кәсіпорындарында мал дәрігері де болды. Бірақ кейін мүгедектіктен кейін өмір осымен тоқтап қалмайды деп шешті. 2014 жылы өз ТҚКО ашты. Бұл істе оған ұлы көмектесіп жүр. Барлық кеңес кезінде тәрбиеленген балалар сияқты, ауладағы көлік – ырыздықтың эталоны деп білді. Бірақ техниканы бөлшектеу одан әрі де құрметті саналатын. Кішкентай кезінен Қуандық Мағзұмұлы техниканы білуге талпынса, енді өз баласына білгенін үйретіп жатыр. Қаланың ТҚС нарығында үлкен бәсекелестік. Бірақ барлығының өз клиенттері бар. Нарықтың талабына ілесіп отыру үшін жабдықтарды, құрал-саймандарды жаңартып отыру қажет. Осы шаруада «Даму» Қоры демеуші табуға көмектесті. Енді кәсіпкердің жаңа клиенттері келіп, жаңа тапсырыстар ұлғайды. Компьютер орнатты. Бірақ принтер сатып алуға мүмкіндігі болған жоқ. Барлық ақшасы қосалқы бөлшектер және құралдарды сатып алуға кететін. Ал тапсырыс берушілер әр дайым түбіртек, орындалған жұмыстардың актілері және басқа да қағаз құжаттарды сұрап жатады.


Сондықтан да Қуандық Мағзұмұлы Арқалық қаласындағы «Даму» Қорының Өкілдігіне қайта өтініш білдірді. Көмекті ұзақ күтуге мәжбүр болған жоқ. "Даму" Қорының кепілдендіру бағдарламасына қатысқан «Мирас» СПК» ЖШС кәсіпкерді қолдауға ниет білдірді.
«Біз әріптестерімізді іс бастаған кезде көмектесу және қолдау керекпіз», - деді Ермек Акмолдақызы Алимбаева.
«Қорға үлкен рахмет! Демеушіге де алғыс білдіремін!», - деп Куандык Мағзұмұлы ризашылығын білдірді
 

Біздің байланыс

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., A05C9Y3
Гоголь көшесі, 111
Тел.: +7 (727) 244 55 66, 244 55 77
Факс: +7 (727) 278 07 76
Э-пошта: komek@fund.kz