«Даму-Көмек» жобасы аясында Маңғыстаулық мүмкіндігі шектеулі 15 кәсіпкерге көмек көрсетілді

15 Желтоқсан 2017, 07:48

2017 жылдың 15 желтоқсанында «Даму-Көмек» жобасы аясында Маңғыстаулық мүмкіндігі шектеулі 15 кәсіпкерге демеушілік көмек көрсетілді. Демеуші компаниялар, соның ішінде екінші деңгейдегі банктер тарапынан 1,8 миллион теңгеден асатын сомаға құрал-жабдықтар табыс етілді.

«ForteBank» АҚ Ақтау қаласындағы филиалы өзінің клиенттерімен «МКДСМ» АҚ, «Uni Trade Aktau» ЖШС, «Equipment Services Ltd» ЖШС, «GSB Group» ЖШС, «Caspi Oil Снаб Ltd» ЖШС, «WDOS AGARGAN» ЖШС біріге отырып, 6 тігін машинасын, ГБЖ (газ-балонды жабдық), балалар массажына арналған аппарат, құрал-саймандар жиынтығын (такси қызметін көрсететін кәсіпкерлер үшін) сатып алу үшін 1 500 000 тенге бөлді. Сонымен қатар, «ForteBank» АҚ Ақтау қаласындағы филиалы тарапынан Соқырлардың қазақ қоғамына 500 000 тенге сомасына сәйкес келетін көмек көрсетілді.

«Сбербанк» АҚ ЕБ 3 тігін машинасын сатып алды.

«RBK Bank» АҚ тарапынан балалар шахмат клубына арнап қабырға шахмат тақтасын, шахмат сағатын және тігін машинасын сатып алынды. Шахматтар есту қабілеті бойынша 3 топтағы мүгедек Наталья Гороховаға шахмат клубын ашу үшін табысталды.

2015 жылы, Наталья, «Спорт жаттықтырушысы» мамандығы бойынша Қазақ спорт және туризм академиясында тәмамдады, «Халықаралық деңгейдегі спорт шебері» атағына ие. Халықаралық, Орталық Азия және Республикалық жарыстардың қатысушысы, 2016 жылы «Жылдың үздік спортшысы» атағына ие болды. Қазіргі таңда Наталья Маңғыстау облысының мүгедектер спорт клубында жаттықтырушы ретінде жұмыс істейді және мүгедектігі бар балаларға шахмат үйретеді. Наталья өзінің шағын шахмат клубын ашып, балаларға шахмат үйретуді жоспарлап отыр, сол себепті оған шахмат тақтасы, шахмат үшін сағат-таймер, шахмат , қабырға шахмат тақтасын сатып алу қажет болатын.

Іс-шара нәтижесінде демеуші компаниялар, сондай-ақ екінші деңгейлі банктер филиалдарының басшыларына «Даму» Қорынан алғыс хаттар табысталды.

«Даму-Көмек» бағдарламасы аясында «Даму» қоры мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер мен әлеуетті демеушілер арасында байланыс орнатады. Айта кетерлік жайт, мүгедектердің жағдайын жақсарту жөніндегі бастама тек мүгедектердің және олардың қауымдастықтарының ғана емес, сондай-ақ бизнес-құрылымдардың өкілдерінен, бизнес қауымдастықтардан, үкіметтік ұйымдардан және қажетті демеушілік немесе басқа да көмек көрсетуді қалайтын адамдардан келеді.

Маңғыстау облысындағы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалы жоғарыда аталған ұйымдарға олардың көмегі үшін шынайы алғысын білдіреді. Олар тек жақсы іс жасап қойған жоқ, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге өздерінің армандарын және бизнес-жоспарларын жүзеге асыру қол ұшын созды
 

Біздің байланыс

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., A05C9Y3
Гоголь көшесі, 111
Тел.: +7 (727) 244 55 66, 244 55 77
Факс: +7 (727) 278 07 76
Э-пошта: komek@fund.kz