Әріптестер

Қазақстан Мүгедектер қоғамының одағы

Қымбатты достар !

Егер біз өзімізді адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары оның ең қымбат қазынасы болып табылатын демократи ялық, зайырлы, құқықты және әлеуметтік мемлекет ретінде қабылдайтын болсақ, онда Қоғамның бірқатар көкейтесті проблем аларын шешу үшін үлкен назар аудару қажет .

Біздің ойымызша сондай проблемалардың бірден-бірі - мүгедектер проблемасы болып табылады .

Мүгедектік п роблем асын Қазақстан Республик асының барлық азаматтарының Қазақстан Республик асының Конституци ясымен және БҰҰ Бас Ассамблеясының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы 61/106 қарарымен қабылданған Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенц ия ережесімен кепілдік берілген толық тең құқықтылығын іске асыру жоспарында қарастыру қажет. 2008 жылы 11 желтоқсанда Қазақстан Республик асы Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенц ияға және Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенц ияға Ф акультатив тік хаттамаға қол қойды .

Конвенция мүгедектер үшін олардың өз дербестігі мен тәуелсіздігінің, оған қоса жеке өз талдауын жасау бостандығының маңызды екенін мақұлдайды, сонымен қатар мүгедектер стратеги ялар мен бағдарламаларға, оның ішінде өздеріне тікелей қатысты бағдарламалар бойынша шешімдер қабылдау үдерісіне белсенді тартылу мүмкіндігіне ие болулары қажет деп есептейді.

Конвенци яның мақсаты барлық мүгедек жандардың адамға берілген барлық құқықтары мен негізгі бостандықтарын көтермелеуді, қорғауды және қамтамасыз етуді, сонымен қатар олардың бойындағы қадыр-қасиетін сыйлауды көтермелеуді толық және теңдей жүзеге асырумен қорытындыланады .

Дербес болу, тұрақты жалақысының болуы және қоғам өміріне толық және теңдей қатысу мүмкіндігі, бұл бәлки, мүгедек жандардың алдарына қоятын ең басты мақсаттары болар.

«Даму-Көмек» бағдарламасы шеңберінде ұсынылып отырған мүгедек жандарға практикалық семинар-тренингтер, ақпараттық-консультациялық көмек сияқты кәсіпкерлікпен айналысуға көмек көрсетуге бағытталған іс-шаралар, сөз жоқ, олардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерінің артуына, кәсіби деңгейлерін арттыру және қоғам өміріне толыққанды қатысу үшін жағдай жасауына мүмкіндік береді.

Біз мүгедектігі бар және кәсіпкерлікпен айналысып жүрген мүгедек жандардың құқықтық және білім ақпаратын алулары үшін әлдеқашан толғағы жеткен жағдай жасау қажеттілігін шешуге көмек беретін «Даму-Көмек» бағдарламасын әзірлегені үшін, «Даму» Қорына алғысымызды білдіреміз. Аталмыш бағдарламаға қатысу оларға өздерін әртүрлі қырынан көрсетулеріне, кәсіпкерлік әлеуеттерін ашуларына, өздерінің кәсіби деңгейлерін арттыруларына мүмкіндік береді.

Мүгедек-кәсіпкерлердің проблемаларына бей-жай қарамайтын барлық азаматтардың мүгедек жандарды белсенді әлеуметтік өмірге тарту және оларды қоғам жұмысына жұмылдыру мәселелері бойынша қол ұшын беруге аса көңіл бөлетіндіктері және талпыныстары үшін алғысымды білдіруіме рұқсат етіңіздер.

Менің мықты денсаулық, ырыс-береке, табыс және жәй ғана адами бақыт тілейтін жүрекжарды жылы және шынайы лебізімді қабыл алыңыздар!

Құрметпен,
Қазақстан Мүгедектер қоғамы одағының төрағасы

Әли Аманбаев

 

 

«Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палата

Азат Перуашев

Қымбатты достар!

Уақыт өткен сайын адам санасында шындыққа қатысты көзқарастар өзгеріп отырады. Бүгінде, өзімізді экономикалық қайта құру және саяси жетістіктер жолында зайырлы және демократиялық мемлекет ретінде тани отырып, барлық санаттағы халық үшін теңдей мүмкіндікті қамтамасыз етудің халықаралық стандарттарын енгізу елдің әрі қарай дамуындағы бөлінбейтін компоненті болып табылады.

Республика азаматтарының, оның ішіндіе мүмкіндіктері шектеулі жандардың өмірде өз орындарын табу, өздерінің творчестволық және адами әлеуеттерін іске асыру үшін талпынып жатқандығы қуанарлық жағдай. Сол себепті біздің мақсатымыз – олардың сауығуларын мүмкіндік туғызу ғана емес, және де қоғамға барынша бірігулеріне олардың материалдық тәуелсіздігіне қол жеткізулеріне, іскерлік белсенділіктерінің алғышарттарын одан әрі дамытуға жәрдемдесу. Сондай-ақ, бүгінде мүмкіндіктері шектеулі жандардың нашар емес кейде сапасы артық өнім өндіретіндерін де сеніммен айтуға болады. Оларға тек біздің қолдауымыз бен ықыласымыздың көп жағдайда жетпей қалады...

Біз Сіздермен мұндай жандардың өз бетімен аяқтарына тұрып кетулеріне және алған қойған мақсаттарына қол жеткізулеріне көмек бере алатындығымызға кәміл сенемін. Осындай маңызды және лайықты іс-шараларды іске асыруда үлкен және жемісті жетістіктер тілеймін.

Құрметпен ,

Азат Перуашев

 

Біздің байланыс

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., A05C9Y3
Гоголь көшесі, 111
Тел.: +7 (727) 244 55 66, 244 55 77
Факс: +7 (727) 278 07 76
Э-пошта: komek@fund.kz