«Бизнес-Кеңесші»

«Даму-Көмек» Бағдарламасының мақсаты мүмкіндіктері шектеулі адамдарды материалдық ырыс-береке және кәсіби өсу негізі болып табылатын кәсіпкерлік қызметті жүргізуге ынталандыру үшін жағдай туғызу, сонымен қатар жұмыс жасап жүрген мүгедек-кәсіпкерлерді бизнеске арақашықтықтан оқыту арқылы олардың біліктілік деңгейлерін арттыруға жәрдемдесу болып табылады , ол өз бизнесін құру және оны дамытудың әртүрлі бағыттары бойынша , сонымен қатар мүгедек- кәсіпкерлерді «Бизнес-Кеңесші» Бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік э кспресс-курс ын тыңдаушылар қатарына қосу бойынша«Бизнес-Кеңесші» Бағдарламасы шеңберінде арнайы әзірленген оқу курстарын (оның ішінде сурдоаудармашысы бар бейне курс) «Даму» Қорының корпоративтік сайтына орналастыру арқылы іске асырылатын болады .

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ «Бизнес Кеңесші » Бағдарламасы

Бағдарламаның басты мақсаты Қазақстанның барлық аудандарындағы кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамашылығы бар тұрғындарға бизнесті ашу және оны тиімді жүргізу бойынша кешенді бірыңғай және қол жетімді білім беру болып табылады.

Республикамыздың барлық облыстарындағы аудандарда кәсіпкерлік бастамашылығы бар халықтың және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерге қысқамерзімді оқыту- тренингтері бойынша қызмет ұсынылатын болады .

Оқыту- тренингтері бойынша қызмет ақысыз көрсетіледі және оған мына-лар кіреді:

  1. жұмыс істеп жүрген және өз бизнесін ашу және кәсіпкерлік қызметті тиімді басқару саласы бойынша әлеуетті кәсіпкерлердің білім деңгейі мен дағды-ларын арттыруға бағытталған қысқамерзімді (2-3 күндік) оқу курстарын ұйымдас-тыру, оған қоса:
    • өз бизнесін ашу (істі бастау варианттарын, саланы таңдау, бизнес-жоспар әзірлеу, қаржыландыру көзін іздестіру, қызметті жүзеге асырудың ұйымдық-құқықтық формасын айқындау, салық салу тәртібі, құрылтай құжаттарын әзірлеу, фирманы тіркеу, банктік шот ашу, қажетті рұқсат пен лицензиялар алу тәртібі);
    • бизнесті жүргізу (бизнесті басқару, келісімшарттар жасасу негіздері, өндірістік үдерісті ұйымдастыру, тиімді басқару, бизнесті оқып үйрену, есеп жүргізу, бизнесті алға жылжыту: жарнамалау және маркетинг жүргізу, фирманы қайта құру және тарату, бизнесті сату);
    • Қазақстан Республикасы Үкіметінің дағдарысқа қарсы бағдарламасы шеңберінде шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі шараларды түсіндіру.
  2. Ақпараттық материалдарды, оған қоса:
    • бизнесті жүргізу жөніндегі оқу құралдарын;
    • ақпараттық-аналитикалық материалдар;
    • бизнесті жүргізу үшін үлгілік құжаттар тізбесін тарату .

Әрбір экспресс-курс таныстыру-таныту әдісінің заманауи үлгілері мен технологияларын қолдана отырып, оқыту-тренинг түрінде өткізілетін болады.

Оқу нәтижесі бойынша тыңдаушыларға арнайы сертификат беріледі. Бұл сертификат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «НұрОтан» ХДП және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ арқылы ұйымдастырушылар атынан берілетін болады.

«Бизнес-Кеңесші» Бағдарламасының пилоттық жобасы Алматы облысында жүзеге асырылатын болады, оқу семинарлары ағымдағы жылдың қыркүйек айында өткізіледі.

Оқу семинарлары Қазақстанның қалған барлық аймақтарында ағымдағы жылдың қазан-қараша айларында өткізілетін болады.

Семинарға қатысқысы келгендер тіркелуі үшін «ДАМУ» Қорының аймақтық филиалына немесе өздері тұрған жердегі аудандық әкімдіктерге өтініш етулеріне болады.

 

Біздің байланыс

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., A05C9Y3
Гоголь көшесі, 111
Тел.: +7 (727) 244 55 66, 244 55 77
Факс: +7 (727) 278 07 76
Э-пошта: komek@fund.kz