Кәсіпкер мүгедек азаматтардың бәсекеге қабілеттілігін қолдау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы№ 1257 Қаулысымен:

- мүгедектердің республикалық қоғамдық бірлестіктерімен құрылған ұйымдар тізбесі;
- мүгедектердің республикалық қоғамдық бірлестіктерімен құрылған ұйымдардың өндіріліп, орындалып, көрсетіліп жатқан тауарлары, жұмыстары, қызметтері;
- тапсырыс берушілердің тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді мүгедектердің республикалық қоғамдық бірлестіктерімен құрылған ұйымдардан сатып алу тәртібі бекітілген.
Тапсырыс берушілердің т ауарларды , жұмыстарды , қызмет көрсетулерді мүгедектердің республика лық қоғамдық бірлестіктерімен құрылған ұйымдардан сатып алу тәртібіне сәйкес, тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын кезде, ол осы тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулерді жалпы сатып алу көлемінің кемінде 30 пайыз көлемін сатып алады .

«Сам ұрық – Қазына» АҚ сатып алуларды жүзеге асыру жөніндегі бірыңғай ережесі

«Сам ұрық – Қазына» АҚ және дауыс құқығын беретін акцияларының (қатысу үлестері) елу және одан көбірек пайызы тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ тиесілі заңды тұлғалардың сатып алуды жүзеге асыру жөніндегі 14.01.2009 ж. Бірыңғай Ережесінде сатып алуды жүзеге асыру қағидаттарының бірден-бірі от андық әлеуетті жеткізушілер , шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері , мүгедектер ұйымдарына қолдау көрсетілген жағдайда, әлеуетті жеткізушілер арасында әділ бәсеке қағидаты танылатыны ескертіледі .

Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алу сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өндіретін/ жүзеге асыратын мүгедектер ұйымдарынан тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алудың артықшылығы ескеріле отырып, жүзеге асырылады. Сол себепті жоғарыда көрсетілген қағидат пен басымдықтарға сәйкестену мақсатында, «Самұрық – Қазына» АҚ-та отандық тауарөндірушілер, мүгедектер ұйымдарының Қор топтары үшін тізілімі жасалған .

Тиісті тендер өткізу кезінде Самұрық – Қазына» АҚ мүгедектер ұйымдарының қатысуын қарастырды. Онымен бірге, тендердің өзге қатысушылары тендерге қатысу өтінімдерінің қамтамасыздығын және/ немесе шарт міндеттемелерінің (егер ол сатып алу шарттарымен қарастырылған болса) орындалуын қамтамасыз етуді енгізіп жатса, ал мүгедектер ұйымдары жоғарыда көрсетілген қамтамасыз ету-лерді ұсынудан босатылады.
 

Біздің байланыс

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., A05C9Y3
Гоголь көшесі, 111
Тел.: +7 (727) 244 55 66, 244 55 77
Факс: +7 (727) 278 07 76
Э-пошта: komek@fund.kz