Бір болайық!

«Бiр болайық», «Вместе» телехабарлар топтамасының көмегімен мүкіндіктері шектеулі  кәсіпкерге өз бизнестерін дамыту және алға жылжыту үшін көмек көрсетілді

«Надежда» сауықтыру құрылғыларын құрастыру орталығында ауған соғысының зардабын тартқан жандар жұмыс істейді. Кәсіпкер әрі ауған соғысының ардагері Сергей Махашевтің басшылығымен екі кішігірім цехта жұмыс қызу жүріп жатыр. Тәжірибелі слесарьлар мен токарьларға – тағы басқаларына 50 жылдан ас қан ескі жабдықпен жұмыс істеу оңайға тиіп отырған жоқ, олар арбада отыратын мүгедек жандар үшін көтергіш қондырғылар және де мүкіндіктері шектеулі жандарға арналған өзге де көмек қ ұралдар істеп шығарады .

Егер де кәсіпорында компьютерленген жаңа жабдық болатын болса, онда олар 10 есе жылдамырақ жұмыс істей алар еді, және адам ресурстары да аз пайдаланылар еді. Алайда кәсіпорынның мақсаты мейлінше көбірек жұмыс орындарын қолдауға бағытталған, сол себепті ескіше үлгімен жұмыс істеуде. Дегенмен өзге де материалдық проблемалар бар, әлеуметтік - бағдарланған өндірістік компанияның кейбір проблемалары «Бiр болайық», «Вместе» телебағдарламаларына қатысу нәтижесінде шешілді. Демеушілік қаражатына «Надежда» орталығы үшін өндірістегі бизнес-процестерді жеңілдетуге мүмкіншілік беретін толыққанды компьютер жасағы сатып алынды.

Олардың жұмысы қалаға қажет. Қазіргі уақытта кішкене кәсіпорын үлкен тапсырыс алды. Кейіннен Алматы метрополитенінде қондырылатын 43 көтергіш әзірлеу қажет. Сергей Махашев өндірілетін өнімдерінің түрін көбейтуді және мүгедектерді баспалдақпен көтеру үшін шынжыр табан мобильді қондырғылар дайындаумен айналысуды жоспарлап отыр.

Бағдарламаның өзге қатысушылары – «Эльдани» балалар қайырымдылық қорының жас жұмыскерлері алдарына үлкен нысаналы мақсат қойып отыр. Қол жұмысымен айналысатын мүгедек-балалар, балшықтан жасалған 2 млн. дана жүрек сувенирін жасауды және сатуды жоспарлап отыр. Осылайша табылған қаражатқа «Шеберлер қалашығы» атты қолөнер орталығының құрылысын бастауға болады, нәтижесінде мүмкіндіктері шектеулі, сонымен қатар қол өнері жұмысын игеруді армандайтын 500 -ден астам адамды жұмыс орнымен қамтитын болады .

Қазірдің өзінде Қор жанындағы шеберхана кәдесыйлық өнімдерінің кішкене өндірісіне айналды. Балалар қолымен жасалған балшық сөрелер, ағаш өнімдері корпоративтік сыйлықтар ретінде қазақстандық ірі компаниялардың жоғары сұраныстарына ие.

Осындай бағдарлама қатысу жас қолөнер шеберлерінің басты армандарын іс жүзіне асыруларына мүмкіндік беруі мүмкін. Егер қалалық әкімдік басшылары осыған үн қосар болса, онда « Шеберлер қалашығы» құрылысы үшін жер телімі бөлінер еді. Материалдық көмектің алды ретінде телевизиялық жоба шеңберінде демеушілер қолөнер шеберлерінің шеберханасына түрлі-түсті принтерді сыйға тартты .

Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі бірегей телебағдарламаның келесі қатысушысы Кәмшат Омаровты мүмкіндігі шектеулі жан деп айтудың өзі қисынсыз. Оның өз сауда орындары бар, өлең жазып, компьютермен жұмыс істеуде тәжірибесі мол. Ал ең бастысы жеке тұлға әрі кәсіпкер ретінде одан әрі дамып-өсу ниеті бар. Қазіргі кезде оның арманы қаржылық құралдармен жұмыс істеп алға жылжу болып отыр. Телевизиялық шоу қатысушысының электронды биржада сауда операцияларымен айналысу ісін игергісі келеді, сонымен қатар үйде отырып Интернет-бизнес ашқысы келетінін айтады. Қазір бұл тек арман ғана емес, нысаналы нақты мақсат та. Бағдарлама нәтижесі бойынша Кәмшат Омаров 400 мың теңгедей алғашқы капитал алды. Қомақты қаражаты бар кәсіпкер бизнестің жаңа белестерін өзіне тән құлшыныспен игеруге кірісті.

Суретші Анар Әбжанова сурет салумен үш жасынан бастап айналысады. Бүгінде оның жинақталған еңбектері – өз көрермендері мен бағалаушыларын күтуде, яғни, жеке көрме ұйымдастырып, жарыққа шығару ісіне тіреліп тұр. Анар Бағдарламаға қатысудың арқасында экспозиция ұйымдастыру үшін галереяны жалға алу мүмкіндігіне қол жеткізді , сонымен қатар суреттерін ресімдеу үшін багеттер сатып ала алды.

Қарашаш Чаханова, Олеся Шахманова, Мәриям Әбдікәрімова , Балғын Тергеусізова тәрізді кейіпкерлер де тағдыр тәлкегін аз тартпаған, дегенмен, өмірге құштарлықтарының, төзімділіктерінің және күш-жігерлерінің арқасында, басқаларға қарағанда осы өмірде біраз нәрсеге қол жеткізуді мақсат еткен қайсар жандар. Оларды және «Бiр болайық», «Вместе» телебағдарламалар циклына қатысушы өзге де жандарды кәсіпкерлікпен айналысуға икемді талант иелері деп атауға болады.

Мұндай жандар Қазақстанның қалалары мен ауылдарында аз емесі анық. «Даму» Қорының қолдауы және «Хабар» телеарнасының атсалысуымен жүзеге асып жатқан бұл жоба, мүмкін болатын болса, осы ерекше бизнесмендердің әрқайсысының тағдырын, үміт-армандарын өз бағдарламалары аясында қамтып көрсетуді ниет етеді . Бастапқы нәтижелері қазірдің өзінде-ақ көрініп отыр: телебағдарлама эфирге шыққан күннен бастап, бар-жоғы екі айдың ішінде сегіз кәсіпкерге нақты көмек көрсетіліді. Бүгінде теле бағдарлама кейіпкерлеріне жалпы алғанда 1,5 млн теңге сомаға қолдау көрсетілді .

Бүкіл ТМД аумағында баламасы жоқ мұндай тележоба осы жылдың 24 маусымында көрерменге жол тартқан болатын. Телебағдарламалар топтамасы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ 2009-2019 жж. арналған Даму стратегиясы аясында іске асырылып жатқан қаржылай емес қолдау бағдарламасының бірден бір құралы болып табылады. Жобаның мақсаты: мүгедектер арасындағы сәтті кәсіпкерлік тәжірибесін тарату, мүмкіндіктері шектеулі жандардың өз істерін құруына заңды және материалдық көмек көрсету. Бағдарлама кембағал жанның бастапқы үлкен капиталсыз да өз ісін бастауға, табыс табуға, жұмыспен қамтамасыз етілуге, жұмыстан қанағат алуға және өзін-өзі көрсете алу мүмкіндігінің болатынын жақсы көрсетіп берді. «Қоғамға нақты пайда келтіре отырып және өздерінің қоғамға керек екендіктерін сезінулері үшін, өздерін бизнесте көрсете алулары үшін мұндай жандарға жағдай жасап, қолдау көрсеткіміз келеді. Біздің бағдарламамыздың арқасында өз істерін бастағысы келетіндердің, және де оларға көмек көрсеткісі келетіндер санының артатынына сенімдіміз. Мүмкіндіктері шектеулі жандар өздері жеке әрекет жасап, қиналмаулары тиіс», - деп атап өтті осы жобаны жұртшылыққа таныстыру кезінде «Даму» Қоры Басқармасының төрағасы Болат Мұқышев.

Бұл - рухы мықты жандардың өмірі туралы кезекті жәй ғана бейнебаян емес, эфирден кейінгі бизнес, мемлекеттік органдар, ықпалды орта және қарапайым қазақстандықтар тарапынан көрсетілетін нақты көмектер мен нәтижелі іс шаралар. «Біз мүгедек жандардың проблемалары жайлы ғана айтып қоймай, біз олардың проблемалармен қалай күресіп жатқандарын көрсеткімііз келеді. Бұл танымал болу емес, өзара іс-әрекет жасасу, диалог құру ниеті, нәтижесінде қоғамның мүгедек жандарға қол ұшын беруге талпыныстарын біріктіру, оларға деген көзқарастарын өзгерту», - дейді тележобаның бас продюсері Әлия Увальжанова.
 

Біздің байланыс

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., A05C9Y3
Гоголь көшесі, 111
Тел.: +7 (727) 244 55 66, 244 55 77
Факс: +7 (727) 278 07 76
Э-пошта: komek@fund.kz