Бағдарламаның тұжырымдамасы

БАҒДАРЛАМА ТӨЛҚҰЖАТЫ

Бағдарлама атауы

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ «Даму-Көмек» бағдарламасы

Бағдарламаны әзірлеу негіздемесі

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ 2009-2013 жылдарға арналған даму стратегиясы

Әзірлеуші

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ

Мақсаты

Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды материалдық ырыс-береке және кәсіби өсу негізі болып табылатын кәсіпкерлік қызметті жүргізуге ынталандыру үшін жағдай туғызу, сонымен қатар жұмыс жасап жүрген мүгедек-кәсіпкерлерді бизнеске арақашықтықтан оқыту арқылы олардың біліктілік деңгейлерін арттыруға жәрдемдесу

Міндеттері

· Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды «Бизнес-Кеңесші» Бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздер бойынша оқыту-тренингтеріне қатысуға тарту;

· Жеке бизнес ашу және оны дамытудың әртүрлі бағыттары бойынша арнайы әзірленген оқу курстарының (оның ішінде сурдоаудармашысы бар бейне курс) «Даму» Қорының корпоративтік сайтына орналастырылуын қамтамасыз ету;

· Мүгедек-кәсіпкерлердің нарық ұстанымдарын бизнес жүргізуге қажетті жабдықтар мен қосымша материалдар ұсынуға бағытталған демеушілер қызметін үйлестіру есебінен күшейту жөнінде жұмыс жүргізу;

· Халыққа мүгедектер проблемалары туралы көбірек ақпарат тарату, халық арасында дұрыс демеушілік беделін қалыптас-тыру;

· Мүгедек-кәсіпкерлерді қаржылай және қаржылай емес қолдаудың жаңа үлгілерін енгізу, мүмкіншілігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;

· Жұмыс жасап жүрген және жаңадан бастайтын мүгедек-кәсіпкерлер мен олардың мүліктік қажеттіліктері туралы бірыңғай деректер банкісінің ақпараттық толықтырылуын қамтамасыз ету;

· Мүгедек-кәсіпкерлерге арналған жеңілдіктер мен пұрсаттылықтарға қатысты қажетті құқықтық ақпаратты «Даму» Қорының веб-сайтында қалыптастыру және орналастыру

Қаржыландыру дереккөздері

· Бағдарламаның ұйымдық -техни калық құрамын «Даму» Қорының қаржылай қолдауы ;

· Жеке сектор қаражатын мүмкіншілігі шектеулі адамдарға демеушілік көмек түрінде тарту

Іске асыру м еханизм і

«Даму» Қорының веб-сайт ында «Даму-Көмек» мүгедек-кәсіпкерлерге қаржылай емес қолдау көрсету бағдарламасына арналған , мынадай шағын бөлімдерден тұратын арнайы әзірленген бөлімдер :

· Кәсіпкерлік негіздер бойынша оқу курстарын ;

· Мүгедектер үшін бос орындар туралы ақпарат ;

· Мүгедек-кәсіпкерлерге арналған жеңілдіктер мен пұрсат-тылықтарға қатысты заң актілерінен үзінділер ;

· Еңбекке жарамды мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорын ашу

Күтілетін нәтиже

· Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды кәсіпкерлік қызметке тарту ;

· Кәсіпкерлік негіздерге Интернет желісінің мүмкіндіктерін кең пайдалана отырып, арақашықтықтан оқыту әдісі арқылы консультаци ялық қызмет көрсету ;

· Мүгедек-кәсіпкерлердің құқықтық білім деңгейін интерак - тив тік тәртіпте арттыру;

· Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру және өзін-өзі жұмыспен қамту арқылы жағдайын жақсарту;

· Жұртшылық назарын мүмкіндіктері шектеулі адамдардың барынша өткір проблемаларына аудару

КІРІСПЕ

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (одан әрі –«Даму» Қоры) әзірлеген «Даму-Көмек» Мүгедек-кәсіпкерлерге қаржылай емес қолдау көрсету бағдарламасы «Даму» Қорының 2009-2013 жылдарға арналған даму стратегиясы шеңберіндегі іс-шаралардың логикалық жалғасы болып табылады.

Аталмыш бағдарлама жұмыс жасап жүрген және әлеуетті мүгедек- кәсіпкерлерге кәсіпкерлік қызметті жүргізуге ынталандыру және олардың кәсіби деңгейін арақашықтықтан оқыту арқылы арттыру үшін жағдай туғызу арқылы қаржылай емес қолдау көрсету жөніндегі тиімді құралдарының бірі болып табылады.

1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУ ҚАЖЕТТІЛІГІН НЕГІЗДЕУ

Мүгедектер жағдайын жақсарту Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінде мүгедектерді әлеуметтік қолдаудағы артықшылық денсаулығы мүшкіл адамдардың тіршілік әрекетінің теңдей мүмкіншіліктерін, яғни адамдардың қоғамның бөлінбейтін бөлігі болу құқығына ие болуын және еңбек ету және оқуды таңдау еркіндігі мен оларға қол жеткізу еркіндігіне ие болуын қамтамасыз ету үшін құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдық жағдай жасау бірінші жоспар ретінде алдыңғы қатарда тұр.

Соңғы жылдары экономиканың тұрақты даму қарқыны және мемлекет саясатының әлеуметтік бағыттылығының күшеюі, халықты, бірінші кезекте, әлеуметтік-осал топтағыларды әлеуметтік қорғау деңгейінің артуы, мүгедектер проблемаларын түсіну және шешу үшін жаңа көзқарастарды тану оң әсер етіп отыр.

Мүгедектердің әлеуметтік қамтамасыз етілуінің жақсарып келе жатқанына қара-мастан, халықтың бұл тобының қажеттілігі, әсіресе, кәсіп және кәсіби білім таңдау мүмкіншілігі жағдайында, әлі де толық қанағаттандырылмай отыр. Осы топқа жа-татын балалар мен жеткіншектерді кәсіби оқыту жалпы еңбек дайындығы замана-уи өндіріс және еңбек нарығының талаптарынан әлдеқайда артта қалған, оқып жүргендердің мүдделері мен мүмкіншіліктеріне сай келмейтін арнайы мектептерде жүргізіледі. Мүгедек –жеткіншектерді әдетте дайындайтын дәстүрлі кәсіпке сұра-ныс аз, жұмыс берушілер талап ететін кәсіпке қол жеткізу өте қиын. Нәтижесінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мүмкін болатын кәсіп ортасы тарылып барады, және оларды келешекте жұмысқа орналастыруда беймәлім жағдай туын-дайды.

Қазақстандағы, сонымен қатар өзге ТМД елдеріндегі мүгедектердің жұмыспен қамтамасыз етілуі едәуір кедергілерге ұшырасады, мүгедектердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі басты кедергі болып табылады. Мүгедектерге арнайы құрылған еңбек жағдайын жасау және оларға жалақы беру жұмысберушілер үшін экономикалық тиімсіз. Одан бөлек, мүгедектер білім алу және кәсіби оқу кезінде де қиындықтарға тап болады. Нақты айтар болсақ, мүмкін-діктері шектеулі адамдар тек білікті емес, аз еңбекақы төленетін сәйкес жұмыс-тарға ғана қол жеткізе алады. Сонымен, Қазақстанда 410 мыңнан астам мүгедек тұрады, олар республикамыздағы барлық халықтың 3% құрайды. Оның ішінде жұ-мысқа орналасқан мүгедектер саны 9 мыңнан асады немесе жалпы мүгедектер са-нының 3% құрайды. Дамыған елдерде еңбекке жарамды жастағы мүгедектердің 40%-ға дейінгісі жұмыс істейді. Мұндай салыстыру Қазақстандағы жұмыспен қам-тылған мүгедектердің жалпы санының азғантай бөлігін ғана құрайтынын көрсетеді.

Көрсетілген себептерге қарай, мүгедектерге материалдық жағдайының деңгейінің артуына, солай болған соң, қоғаммен араласуына жәрдем болатын өз бизнесін ашу және соны алып жүру тәуелсіз өмір қалпын кешу мүмкіншілігі болып табылады.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мүгедек жандар проблемаларын тиімді шешу арнайы мақсаттағы бағдарламаларды іске асыру шеңберінде мемлекеттің белсенді қолдауын талап етеді. Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды кәсіпкерлік қызметті жүргізуге ынталандыру үшін жағдай жасау, олардың келешекте жұмысқа тұруына жәрдем беретін құқықтық және экономикалық білімділігін арттыру мақсатында, мүгедек жандарға қажетті көмек көрсетуді қамтитын «Даму-Көмек» арнайы бағдарламасын әзірлеу қажет.

Көмек «Даму» Қорының веб-сайтында «Даму-Көмек» Мүгедек-кәсіпкерлерге қаржылай емес қолдау көрсету бағдарламасына арналған, және мынадай ақпараттан тұратын арнайы әзірленген бөлім ашу арқылы көрсетілетін болады

- кәсіпкерлік негіздері бойынша оқу курстарын;

- мүгедектер үшін бос орындар туралы ақпарат ;

- мүгедек-кәсіпкерлерге арналған жеңілдіктер мен пұрсаттылықтарға қатысты заң актілерінен үзінділер ;

· еңбекке жарамды мүгедектердің орталықтандырылған деректер базасын ашу және т.б.

Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың хал-ахуалын жақсартуға бастамашылық ету тек мүгедектердің өздерінен және олардың бірлестіктерінен ғана емес, демеушілік немесе қажетті өзге көмек көрсетуге дайын бизнес-құрылым өкілдері, кәсіпкерлер одағы, мемлекеттік ұйымдар мен жеке тұлғалар тарапынан да білдірілгені өте маңызды болды.

Сонымен, «Даму» Қоры осы Бағдарлама шеңберінде жеке бизнес ашуда немесе оны жүргізуде нақты бір қиындықтарға ұшырап отырған жұмыс жасап жүрген және жаңадан бастайтын мүгедек-кәсіпкерлер мен ұйымдар, оның ішінде кәсіпкерлік бастамашылық танытып отырған мүгедектердің проблемаларын шешу үшін нақты мүмкіншіліктері бар жеке тұлғалар арасында байланыстырушы буын ретінде әрекет етіп отыр.

2. МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Бағдарламаның басты мақсаты Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды материалдық ырыс-береке және кәсіби өсу негізі болып табылатын кәсіпкерлік қызметті жүргізу-ге ынталандыру үшін жағдай туғызу, сонымен қатар жұмыс жасап жүрген мүгедек-кәсіпкерлерді бизнеске арақашықтықтан оқыту арқылы олардың біліктілік деңгей-лерін арттыруға жәрдемдесу.

«Даму» Қоры осы мақсатқа қол жеткізуі үшін мына міндеттерді орындауды жос-парлап отыр:

· Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды «Бизнес-Кеңесші» Бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік негіз бойынша оқыту-тренингтеріне қатысуға тарту;

· Жеке бизнес ашу және оны дамытудың әртүрлі бағыттары бойынша арнайы әзірленген оқу курстарының (оның ішінде сурдоаудармашысы бар бейне курс) «Даму» Қорының корпоративтік сайтына орналастырылуын қамтамасыз ету;

· Мүгедек-кәсіпкерлердің нарық ұстанымдарын бизнес жүргізуге қажетті жабдықтар мен қосымша материалдар ұсынуға бағытталған демеушілер қызметін үйлестіру есебінен күшейту жөнінде жұмыс жүргізу;

· Халыққа мүгедектер проблемалары туралы көбірек ақпарат тарату, халық арасында дұрыс демеушілік беделін қалыптас-тыру;

· Мүгедек-кәсіпкерлерді қаржылай және қаржылай емес қолдаудың жаңа үлгілерін енгізу, мүмкіншілігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;

· Жұмыс жасап жүрген және жаңадан бастайтын мүгедек-кәсіпкерлер мен олардың мүліктік қажеттіліктері туралы бірыңғай деректер банкісінің ақпараттық толықтырылуын қамтамасыз ету;

· Мүгедек-кәсіпкерлерге арналған жеңілдіктер мен пұрсаттылықтарға қатысты қажетті құқықтық ақпаратты «Даму» Қорының веб-сайтында қалыптастыру және орналастыру

3. ІСКЕ АСЫРУ МЕХАНИЗМІ

«Даму-Көмек» Бағдарламасы механизмінің негізгі мазмұны «Даму» Қорының веб-сайтында Бағдарламаға арналған, және мынадай ақпараттан тұратын арнайы әзірленген бөлім ашу:

- кәсіпкерлік негіздері бойынша оқу курстары;

- мүгедектер үшін бос орындар туралы ақпарат ;

- мүгедек-кәсіпкерлерге арналған жеңілдіктер мен пұрсаттылықтарға қатысты заң актілерінен үзінділер ;

· еңбекке жарамды мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорын ашу.

3.1. Кәсіпкерлік негіздері бойынша оқу курстары

Оқу курстарын орналастыру жұмыс жасап жүрген және әлеуетті мүгедек-кәсіпкер-лердің өз бизнесін құру және кәсіпкерлік қызметті тиімді басқару саласындағы білім деңгейлері мен кәсіби машықтарын арттыруға жәрдемдесетін болады. Бұл курстар мынадай тақырыптағы:

· өз бизнесін құру ;

· бизнесті жүргізу сияқты бөлімдерден тұрады.

Одан бөлек, мүгедектердің белгілі бір бөлігі «Бизнес-Кеңесші» Бағдарламасы шең-берінде кәсіпкерлік бойынша оқу-тренингіне қатысуға мүмкіндік алады. Оқу курсын өту қорытындысы бойынша тыңдаушыларға тіркелген куәлік беріледі. Сонымен қа-тар сайтқа қызығушылық танытқан барлық тараптар үшін қолжетімді болатын сур-доаудармашысымен кәсіпкерлік негіздер бойынша бейне-курстар орналастыру жоспарланып отыр.

3.2. Мүгедектер үшін бос орындар туралы ақпарат

Мүмкіндіктері шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру және оларды жұмыспен қамту мәселелеріне басты назар аудару керек . Осындай мақсатпен, Бағдарламаға арналған бөлімде мүгедектер қиналмай толтыра алатын түйіндеме әзірлеу үшін қажетті үлгілер орналастырылатын болады . Жұмыс берушілер, өз кезегінде, бос жұмыс орындары туралы ақпаратты байланыс деректерімен бірге осында қалдыра алады.

3.3 Мүгедек-кәсіпкерлерге арналған жеңілдіктер мен пұрсаттылықтарға қатысты заң актілерінен үзінділер

«Даму» Қоры Заң департаментінің қызметкерлері мүгедек-кәсіпкерлерге арналған жеңілдіктер мен пұрсаттылықтарға қатысты норматив тік-құқықтық акт ілерге тиісті шолу жүргізіп отыр. Мүгедек-кәсіпкерлерге арналған жеңілдіктер мен пұрсаттылықтар туралы алынған ақпарат за ңдардың нақты баптарын және олардың мазмұнын көрсете отырып, веб-сайт та орналастырылатын болады . Бұдан бөлек , мүгедектерді жұмысқа алған кезде жұмыс берушілердің алатын жеңілдіктері туралы ақпарат та орналасты р ылады .

3. 4 . Еңбекке жарамды мүгедектердің орталықтандырылған деректер қоры

Аудандың Әкімдіктердің қолдауымен еңбекке жарамды мүгедектердің бірыңғай деректер қоры қалыптастырылады, олар кейіннен «Даму-Көмек» бөліміне веб-сайт қа орналастырылатын болады.Содан кейін «Даму» Қорының қызметкерлері жұмыс жасап жүрген және әлеуетті мүгедек-кәсіпкерлердің мүліктік және өзге қажеттіліктерін анықтайды .

4. КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ

Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру мақсатында:

· Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды кәсіпкерлік қызметке тарту;

· Кәсіпкерлік негіздерге Интернет желісінің мүмкіндіктерін кең пайдалана отырып, арақашықтықтан оқыту әдісі арқылы консультациялық қызмет көрсету;

· Мүгедек-кәсіпкерлердің құқықтық білім деңгейін интерактивтік тәртіпте арттыру;

· Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру және өзін-өзі жұмыспен қамту арқылы жағдайын жақсарту;

· Жұртшылық назарын мүмкіндіктері шектеулі адамдардың барынша өткір проблемаларына аудару сияқты нәтижелерге қол жеткізу болжамданып отыр.

 

Біздің байланыс

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., A05C9Y3
Гоголь көшесі, 111
Тел.: +7 (727) 244 55 66, 244 55 77
Факс: +7 (727) 278 07 76
Э-пошта: